$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Павлодар қаласында бокстан Серік Қонақбаев атындағы Халықаралық турнир аяқталды

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
1102
Павлодар қаласында бокстан Серік Қонақбаев атындағы Халықаралық турнир аяқталды

Павлодар қаласында бокстан Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев атындағы Халықаралық турнир аяқталды. Дүбірлі жарыста намысты қолдан бермеген Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 11 қола жүлдені ұтып алды. Жыл сайын өтетін байрақты бәсекеге 13 мемлекеттен келген 100-ден аса спортшы қатысып, бақ сынады.



«Астана» баскетбол командасы биылғы жарыс маусымын қорытындылады. Биылғы жыл елордалық ұжым үшін оңай болған жоқ. Азия чемпионаты барысында бірқатар ойыншылар жарақат алып, ойын тактикасына өзгерістер енді. Бастапқыда команда тізгінін ұстаған Маттео Боничиолли өзіне жүктелген тапсырманы орындай алмай, қызметінен кетті. Италиялық маманның орнына келген Александр Трифунович командаға жаңа леп беріп, биылғы маусымын жоспарын орындап шықты.

Айдар Махметов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қоғаммен байланыс орнату департаментінің директоры:

Астана баскетбол командасы былтырдан бастап «Астана» президенттік кәсіби клубының мүшесі. Осы үш жылдың ішінде жақсы нәтижелерге жетті. Мысалы, биыл үшінші жыл Қазақстан чемпионы атанды. Қазақстан кубогын төртінші рет жеңіп алған. Сондай-ақ, екінші жыл қатар ВТБ лигасының плей-офф ойындарына жолдама алды.

«Астана» баскетбол командасы 2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның қолдауымен құрылды. 2013 жылдан бастап «Астана» президенттік кәсіби клубының мүшесі. Команда сапында шет елдік ойыншылармен бірге еліміздің бетке ұстар баскетболшылары Рустам Ерғалиев, Антон Пономарев және Дмитрий Климов өнер көрсетеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ