Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі көпірді талқандап тастады

AstanaTV
21.05.2014ж. 10:00
1095
Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі көпірді талқандап тастады

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі көпірге соғылған. Апат салдарынан көпір майысып кетті. Оқыс оқиға Астана-Петропавл тас жолында болды. Таң сәріде шанақты соңына дейін түсірмеген қытай жүк көлігі жаңа салынып жатқан көпірге тіреліп қалды. Салдарынан ауыр машинаның соққысына шыдас бермеген қазық болып жерге орнатылған бетонның бірі майысып кеткен. Ал көліктің өзі тек артқы екі доңғалағында ғана тұр. Абырой болғанда, жүргізуші дін аман.

Құрылысшылардың айтуынша, көпір енді жарамсыз болып қалды. Мердігер компания, оны көп ұзамай ауыстырамыз деп отыр. Жалпы, апат құрылыс жұмыстарының жалғасуына кедергі келтірмейді, дейді мердігерлер.

Ерлан
Божкенов, құрылыс компаниясының өкілі:

Жол апаты таңғы 5-тер шамасында болды. Әлгінде жаңа бетон мәткені таптық. 3-4 күнде оны Астанадан әкеліп, ауыстырамыз. Шығын көлемі шамамен 7 млн теңге. Бар шығынды бас мердігерлер өз мойнына алады. Ал көпірді жоспарға сәйкес шілде айында тапсырамыз деп отырмыз
.

Абзал ҚҰРМАНКИН