Бүгін Елордада VII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Аталған
форум 2008 жылдан бері жаһандық көшбасшылар, сарапшылар мен бизнес қауымдастық
өкілдерінің басын қосып келеді. Биыл шараға 10 мыңнан астам адам қатысуда. Оның
ішінде 100-ден астам елдің қаржы экономикалық блогынан 130 министр келген.
Сондай-ақ Малайзия үкіметінің басшысы, Ливия, Грузия, Польша мемлекеттері
премьер-министрлерінің орынбасарлары ат басын тіреді. Форум аясында 70 астам
іс-шара өтеді деп жоспарланған.
Айгүл ӘДЕПБАЙ