$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Өскемендік 200-ге тарта турист ақыры Анталияға аттанды

AstanaTV
22.05.2014ж. 20:00
861
Өскемендік 200-ге тарта турист ақыры Анталияға аттанды

Өскемендік 200-ге тарта турист ақыры Анталияға аттанды. Туристік агенттіктің өкілдері үш күннен кейін жолаушыларды діттеген жеріне жеткізетін болды. Дегбірі қашқан жолаушыларда әуе рейсі тағы да кейінге шегеріліп қала ма деген қауіп басым еді. Абырой болғанда, бұл жолы әуежай қызметкерлері авиарейстің 18.40.-та ұшатынын хабарлады.

В 18.40, т.е. самолет уже летит из Анталии, т.е. без задержек? Да.

Ұшаққа мінерде туристердің қуанышында шек болмады. Олар тым ұзақ күткен демалысқа аттанатындарына риза.

Демалысқа баруға деген талпынысымыздың өзі құрып кетті.

Демалыс уақытымыз өтіп жатыр біз әлі мұндамыз. Дегенмен жақсылыққа сенеміз.

Екі турист 3 күндік сынаққа төзе алмай, жолдамасы мен билетін тапсырып кетті. Қалған демалушылар тәуекел деп арман болған Анталья жағалауларына аттанды. «Гулнар тур» агенттігі қайтар жолда ешқандай қиындық болмайды деп сендіріп отыр. Демалушылар Анталияда 10 күннің орнына 9 күн демалатын болды. Қалған 1 күннің ақшасын турфирма экскурсия ретінде қайтарып береді. 

Ольга Нетесова, «Gulnar Tour» компаниясының ШҚО филиалының басшысы:

Бір экскурсия тегін болады. Сондықтан 1 күннің ақшасын қайтармаймыз.

Қанат ОРАЛБЕК