Үрімшідегі жарылыста қаза
тапқандар қатарында отандастарымыз жоқ. Бұл жөнінде Қазақстан сыртқы істер
министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.
Қытайдағы
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Үрімші қаласында жойқын жарылыс
болды. 30 астам адам қаза тауып, жүзге жуығы ауыр жараланды. Оқиға ірі
базарлардың бірінде орын алған. Куәгерлер екі көліктің адам көп жүретін жерге
тоқтап, жарылыс заттарын лақтырғанын айтады. Көліктің өзі де жарылған. Полиция
оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпин лаңкестік
әрекетті ұйымдастырғандарды жазалауды тапсырды. Қытайдың автономды ауданы
саналатын Шыңжаң екі халық арасындағы түсінбеушіліктен туындайтын жанжал
ордасына айналғалы қашан.
Естеріңізге салайық, 30 сәуірде Үрімшінің темір жол
бекетінде лаңкестік орын алған еді. Салдарынан 3 адам мерт болып, 79 жараланған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА