Таиланд әскері билікті басып алды. Бұл
туралы Reuters агенттігі хабарлауда.
Сенімді ақпарат көздеріне сілтеме
жасаған агенттік, әскерилер билікті өз бақылауына алғанын жергілікті
телеарнаның эфирінен мәлімдеген. Бұдан соң
елде жаппай коменданттық сағат енгізілді. Арнайы жағдай режимі курорттарға да
қатысты. Сағат 22:00-ден таңғы беске дейін қалалар мен елді мекендерде
ғана емес, тынығу аймақтарында да далада жүруге тыйым салынды.
Айта өтейік, бұған дейін Қазақстанның
СІМ-гі Таиландқа сапарды шектеуді және Тай елінде жүрген отандастарымызға сақ
болуды ескерткен еді. Апта басында Таиландтың
қарулы күштері әскери жағдай жариялап, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету
міндетін өз мойнына алды. Әскерилердің өзі мұны «кезекті төңкеріс емес» деген
болатын. Бірақ, Тай билігі мұны төңкеріс деп бағалауда.
Илхам ИБРАГИМ