Қытай терроризмге қарсы бір жылдық
науқан бастамақ. Бұл қадамға Шыңжандағы террорлық актілер себеп болып отыр.
Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік
министрлігінің мәліметінше, науқан 2015 жылдың маусымына дейін жалғаспақ. Мақсат - елдегі діни экстремизмге төтеп беру. «Біз терроризмге қарсы күресті Шыңжан - Ұйғыр автономды
аймақтары және бірқатар провинцияларымен бірлесіп қатаңдатамыз», - делінген ведомство сайтындағы хабарламада.
Айта кетейік, жуырда қоғамдық
қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь зорлық-зомбылық пен террористік актілерге қарсы
жедел науқан бастап, «халықтық антитеррористік соғыс» жариялау керектігін
айтқан.
Жұрағат БАМАН