Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Украинада сайланған президент инаугурациясы маусымның 9-10 күндері өтуі мүмкін

AstanaTV
26.05.2014ж. 13:00
752
Украинада сайланған президент инаугурациясы маусымның 9-10 күндері өтуі мүмкін

Шетел жаңалықтарына ойыссақ. Ресейдің көмегінсіз Украинаның шығысында тыныштық орнату мүмкін емес. Украина президенттігіне үміткер Петр Порошенко Мәскеумен келіссөздер жүргізуге мүдделі. Ол жақын арада Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, екі ел арасында газ мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ. Украинаның Ресейге 3,5 миллиард доллар берешегі бар. Ал әзірге президент сайлауында «Шоколад королі» деген атаққа ие болған Порошенко топ бастап отыр. Халық таңдауын шет мемлекеттері де мойындады.

Кремль мен «Ақ үй» жаңа басшылықпен жұмыс жасауға әзір екендіктерін білдірді. Порошенконың штабы, тіпті, ұлықтау рәсімінің уақытын да белгілеп үлгерді. Ресми рәсімді 9-10 маусымда өткізу жоспарланып отыр. Елдегі бейберекеттіктен шаршаған халық Порошенкоға 55% дауысын берді. Олардың басты тілегі - елдегі бейбітшілік.

Рита, Киев университетінің студенті:

Батыс пен шығыс арасында түсіністік жоқ. Принципті әртүрлі көзқарастар. Шығыс ешқашан
батыстың ұстанымын қабылдамайды. Екі жаққа біздің бір отбасы екенімізді, ағайындыларды біріне-бірін айдап салудың қажеті жоқ екендігін түсіндіретін адам керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ