Бүгін
«Нұр Отан» партиясының өкілдері Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесті.
Тараптар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта
бизнесті қолдау тетіктерін талқылады. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» ұлт жоспары
да сөз етілді. Іскерлік кездесуге қаланың 100-ден аса кәсіпкері келген. Белгілі
болғандай, бизнес иелерін толғандыратын
мәселелер шаш етектен. Партия хатшысы Наталья Годунова барлық сұрақтар
ескерілетінін атап өтті.
Наталья
Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
Кәсіпкерлерді
қолдау - негізгі бағытымыз. Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясының
төрағасы алдымызға үлкен міндет қойды. 2050 жылға дейін Ішкі жалпы өнімде шағын
және орта бизнес үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс. Сондықтан да 2021 жылға дейін
бұл көрсеткішті 30% дейін жеткізбекпіз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА