$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ауғаныстан президенті Карзай елге келген АҚШ президентімен кездесуден бас тартты

AstanaTV
26.05.2014ж. 10:00
2113
Ауғаныстан президенті Карзай елге келген АҚШ президентімен кездесуден бас тартты

Ауғаныстан президенті Хамид Карзай Барак Обамамен кездесуден бас тартты. Құрама штаттар басшысы ауған жеріне жедел түрде келген болатын. Обама Карзаймен Баграм әуе базасында кездесуді жоспарлаған. Бірақ, Хамид Карзай басқосуға келуден үзілді-кесілді бас тартты. Ауған басшысы бұған дейін екі жақты қауіпсіздік туралы келіссөзге қол қоюға келісім бермеген-ді. Егер тараптар келіссөзге келгенде, АҚШ өз әскерін ауған жерінде қалдыратын еді.

Дегенмен, Барак Обама Хамид Карзаймен телефон арқылы хабарласты. АҚ үй басшысы болашақта Карзайдың орнына келетін жаңа президентпен келісім-шарт жасауға мүдделі. Бұл ақпаратты «Рейтерс» ақпарат агенттігі таратты.

Қазір Ауғаныстанда президент сайлауы жалғасуда. Сайлаудың алғашқы сынынан сүрінбей өткен елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен қаржы министрі Ашраф Гани Ахмадзай 14-ші маусымда екінші кезеңде тағы бақ сынайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ