Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысында «Орал Ойл энд Газ» компаниясы мұнай қалдығын орманға төккен

AstanaTV
26.05.2014ж. 10:00
1792
Батыс Қазақстан облысында «Орал Ойл энд Газ» компаниясы мұнай қалдығын орманға төккен

Батыс қазақстандық прокурорлар экологиялық заңнаманы өрескел бұзған «Орал Ойл энд Газ» компаниясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Айтуларынша, бұрғылау жұмыстарымен айналысатын компания бірнеше жыл бойы қоршаған ортаға үлкен мөлшерде залал келтірген. Мұнайды бұрғылау кезінде алынған қалдықтарды ауыл шаруашылығы жерлеріне төктірген. Бұған қоса, бұрғылау орындарына жиналған лас суды залалсыздандыру жұмыстарын да жүргізбеген. Ал атмосфераға тараған қалдық заттардан келген зиянды прокурорлар 1 млрд 268 млн теңгеден асады деп бағалап отыр. Қазір аталған қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Істі болған экс-басшы 2013-ші жылдың қазанында өз еркімен компаниядан жұмыстан кеткен еді.

Юрий Астафьев, БҚО прокурорының көмекшісі:

Компанияның бұрыңғы басшысының сөзінше, бұрғылау қондырғылары бір күнге тоқтатылса, мекеме тәулігіне 200 мың АҚШ долларына шығынданады екен. Сондықтан, шаш етектен шығынға батқысы келмеген кәсіпкерлер лас қалдықтардан құтылудың оңай жолына жүгініпті. Бірақ, табиғатқа келтірілген залал прокурорлардың араласуымен толығымен өндірілді.

Еркін ҚАРИН