$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Елімізде пайдаға аспай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарының салығы 10 есеге артады

AstanaTV
26.05.2014ж. 20:00
979
Елімізде пайдаға аспай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарының салығы 10 есеге артады

Елімізде пайдаға аспай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарының салығы 10 есеге артады, ал осы күнге дейін күшінде болған 70 пайыздық салық жеңілдігі жойылады. Шаруа қожалықтарының салығы 5 есеге ұлғаймақ.

Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің салыққа қатысты түйткілді мәселелері бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде талқыланды. Салық кодексіне енгізуге әзірленіп отырған түзетулер бірінші кезекте тиімсіз пайдаланылып отырған жерлерді мемлекетке қайтарып, өзге мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік жасауға арналған. Заң жобасының сонымен қатар қосымша құн салығына да қатысты бірқатар жаңалығы бар.

Әуезхан Дарынов, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Бұрын біз шаруа қожалықтары НДС дегенді төлемейтінбіз, сіз менен сатып аласыз, бірақ сіз төлейсіз. 12% сіз ұрынып тұрсыз ғой, кеміп тұрсыз тұрсыз. Ал қазір үкімет жаңағыны субсидировать етеді 12 пайызды. Сонда сатып алушыға да жақсы болады, барлығына да жақсы болады.

Салық тәртібін қатаңдатумен қатар заң жобасы отандық өндірушілерге қатысты жеңілдіктер қарастырады. Мәселен, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер мен шаруа қожалықтарын қоршаған ортаға төлейтін эмиссиядан босату, жұмысшылар еңбекақысына салынатын салықты 2 есеге азайту, әлеуметтік салықты 11-ден 6,5 пайызға төмендету және ауыл шаруашылығы техникасына салынатын салықты мүлдем алып тастау мәселесі қарастырылып отыр. Ұсыныстар Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобына жолданды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ