Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Өскеменде EXPO қарсаңында Нобель сыйлығының лауреаттары аллеясы ашылды

AstanaTV
26.05.2014ж. 13:00
1089
Өскеменде EXPO қарсаңында Нобель сыйлығының лауреаттары аллеясы ашылды

Өскеменде «EXPO» аллеясы ашылды. Жаңа баққа Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлектері, Нобель сыйлығының иегерлері мен «Өскемен EXPO-2014» көрмесінің қатысушылары ат салысты.

Аллеяда 2017 көшет отырғызылды. «EXPO» бағын ашу - Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының бастамасы. Оларға облыстың орман шаруашылығы қайың мен шыршалардың көшетін тегін берген. Аталған мектеп оқушылары география сабағында аллея бойында көшеттерді отырғызу ландшафтын да дайындап қойыпты. Әр көшетке «EXPO-2017» деген жазуы бар ленталар байланды. Енді оқушылар өсімдіктерге зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Лали Бердзенешвили, Халықаралық білім беру қауымдастығының президенті:

Мен көшеттерді отырғызғанда бар әлемде береке-бірлік болсын деп тіледім. Мен бұл мектептер туралы көп естідім. Елбасының бастамасы екенін, бұл оқу орындарында білім деңгейінің жоғары екенін білемін.

Қанат ОРАЛБЕК