$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Еурокомиссия Украинаны Ресей алдындағы қарызды өтеуге шақырды

AstanaTV
27.05.2014ж. 10:00
936
Еурокомиссия Украинаны Ресей алдындағы қарызды өтеуге шақырды

Еурокомиссия Украинаны ресейлік газға қарызын төлеуге шақырды. Бұл туралы энергетика жөніндегі комиссар Гюнтер Эттингер мәлімдегенін «ИТАР-ТАСС» хабарлайды.

Күні бұрын Берлинде газ мәселесі бойынша Украина, Ресей мен Еурокомиссия өкілдері арасындағы келіссөздің екінші кезеңі өтті. 20-мамырда Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Ресей көгілдір отын бағасын мың текше метріне 268 долларға түсірсе, қарызды толық қайтарамыз деп мәлімдеген. Осы ай соңына дейін тараптар мәмілеге келмесе, Киев халықаралық сотқа жүгінбек.

Еске салайық, 268 долларлық газ бағасы биылғы бірінші сәуірге дейін сақталған. Содан соң, бірден 485 долларға шарықтап кетті. Бүгінде Киевтің Мәскеу алдындағы қарызы 3,5 миллиард долларды құрайды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА