Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Украинада дауыстардың 90% саналды, 54,22%-бен Порошенко алды

AstanaTV
27.05.2014ж. 10:00
863
Украинада дауыстардың 90% саналды, 54,22%-бен Порошенко алды

Петр Порошенко ресми түрде Украина президенті атанды. Бұл туралы брифингте Орталық сайлау комиссиясының басшысы Михаил Охендовский мәлім етті.

Электронды хаттаманың 90%-зын сараптаған комиссия Петр Поршошенкоға электораттың 54,22% дауыс бергенін, ал «Батькивщина» жетекшісі Юлия Тимошенко 13% дауыс жинағанын жария етті.

Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясының басшысы қорытынды нәтиже әлі жоқ екенін айтты. Өйткені, Украина облыстары әлі мәліметтерді толық тапсырып үлгермеген. Ол үш күннен кейін белгілі болады.

Еске салсақ, Украинада кезектен тыс президент сайлауы 25-мамырда өтті. Оған халықтың 60% қатысқан. Жаңа басшыны Ресей, Америка және Батыс та мойындады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА