$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Жас Отан» жастар қанаты «Жастар кадрлық резерві» жобасының кезекті маусымын іске қосты

AstanaTV
27.05.2014ж. 20:00
1055
«Жас Отан» жастар қанаты «Жастар кадрлық резерві» жобасының кезекті маусымын іске қосты

Жастарға қызмет сатысы бойынша жоғарылауға тамаша мүмкіндік. «Жас Отан» жастар қанаты «Жастар кадрлық резерві» жобасының кезекті маусымын іске қосты. Жоба 25 пен 35 жас арылығындағы жастарға арналған. Мемлекеттік қызметтегі кез келген жас резерв сайтына кіріп, тіркеле алады. Іріктеу сұхбаттасу, сынақ тапсыру сатыларынан өткендері тәжірибесін шыңдайды. 

Аян Сакошев, «Жас Отан» жастар қанаты ақтарушы хатшылығының басшысы:

"Жастар кадрлық резерві" 2009 жылдан бастап жүзеге асып келеді. 5 жыл ішінде 7 мыңнан астам жас қатысып оның 340-ы іріктеу кезеңінен өтіп, резервке орнатылған. Жобаның мақсаты - жастар арасында тиімді басқарушылар шоғырын қалыптастыру. Аймақтардан таңдап, ең мықтыларды таңдап, әр түрлі тренингтер өткізіп, практикадан өткізіп, тәжірибесін шыңдаймыз.

Резерв жыл сайын 32 адаммен толығып отырады. Оған ең білімді, тәжірибесі бар, біліктілігі қалыптасқан, түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте жүрген жастар алынады. Кадрлық резерв арқылы біліктілігін жоғарылатқан жастың бірі Жансұлу Мақажанова. Жоба аясында өтетін оқыту тренингтерінің берері мол дейді. 

Жансұлу Мақажанова, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қызметкері:

Тренингтер өткен кезде біз өмірден түйгеніміз көргеніміз аз болғандықтан, ол жердегі жетекші мамандар бізге өздерінің өмірбаянын, табыс жолдарын айтып берді. Ол тек қана жұмыс табу емес, ол өзіне деген сенімділік және болашақта қандай бағытқа өзімді арнаймын деген ойға жауап таба аламыз.

Резервке тіркелгендер ұзақ кідірмейді. Іріктеуден өткендердің 40 пайызы басқа жұмысқа ауысса, 89 пайызы біліктілігін арттырған. Резервке құжаттар 26 маусымға дейін қабылданады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ