Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан теннисшілері Францияда басталған "Ролан Гарос" турнирінде сәтті өнер көрсетуде

AstanaTV
27.05.2014ж. 20:00
898
Қазақстан теннисшілері Францияда басталған "Ролан Гарос" турнирінде сәтті өнер көрсетуде

Қазақстан теннисшілері Францияда басталған "Ролан Гарос" турнирінде сәтті өнер көрсетуде. Жарысқа қатысып жатқан төрт бірдей спортшымыз екінші айналымға жолдама алды. Тек әйелдер бәсекесінде кортқа шыққан Зарина Дияс чехиялық Петра Квитоваға жол беріп қойды.

Қазақстандық спортшылар арасынан бірінші болып кортқа шыққан Александр Недовесов Үндістан теннисшісі Сомдев Девварманмен кездесті. Тартысты өткен бірінші сетте ұтылғанына қарамастан үзілістен кейін тез жиналған отандасымыз таразы басын теңестірді. Үшінші сетте де спортшылар аянып қалмады. Негізгі уақытта тең түскенімен, тай-брейкте жұдырықтай жұмылған Недовесов 2-1 есебімен алға шықты. Шешуші сетте де қателікке бой алдырмай, шабуылда тура соққылаумен ерекшеленген қазақстандық спортшы ұпай санын арттырды. Өз кезегінде жерлесіміздің қарқынан төтеп бере алмаған Сомдев Девварман аяғы жеңілісін мойындап, дәрежелі жарыстан шығып қалды.

Келесі ойында Михаил Кукушкин Франция спортшысы Николя Маюмен жолықты. Кездесуді ширақ бастаған отандасымыз бірінші сетте 6-3 есебімен басым түсті. Үзілістен кейін франциялық табандылығымен танылып, есепті теңестірді. Дегенмен, қалған уақытта қателікке бой алдырмаған Михаил Кукушкин қарсыласының жігерін құм қылып, қатарынан екі сетте үздік шықты. Келесі айналымда Кукушкин Чехия теннисшісі Томаш Бердыхпен үшінші кезең жолдамасын сарапқа салады. Ал Андрей Голубевті ауыр кездесу күтіп тұр. Бұл сында отандасымыз-олимпиада чемпионы ұлыбританиялық Энди Марреймен ракетка түйістіреді.

Әйелдер жарасында Ярослава Шведова үздік шықты. Бұл сында отандасымыз АҚШ спортшысы Лорин Дэвиспен кортқа шықты. Бірінші сетте 6-3 есебімен ұтылғанына қарамастан қазақстандық теннисшісі тез жиналып, қатарынан екі сетте жеңіске жетті. Ал артынан кортқа шыққан Зарина Дияс "Ролан Гарос" турнирімен қош айтысты. Алғашқы айналымда жерлесіміз чехиялық Петра Квитовадан екі сетте ұтылып қалды.

Самат ҚАНАҒАТОВ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық