$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Солтүстік Қазақстан облысында әкім ауысты

AstanaTV
27.05.2014ж. 20:00
904
Солтүстік Қазақстан облысында әкім ауысты

Солтүстік Қазақстан облысында әкім ауысты. Ресми дерекке сүйенсек, Самат Ескендіров қызметтен өз еркімен кетті. Ал өңірдің жаңа әкімін таныстырған Президент әкімшілігінің жетекшісі бұрынғы әкім қызметтік этика бойынша салғырттыққа жол берді дегенді айтып қалды. Облыстың жаңа әкімі болып Ерік Сұлтанов тағайындалды.

Бейресми дерекке сүйенсек, өңірді 1 жарым жылдай басқарған Самат Ескендіровтың қызметтен кетуіне әкім қызметінде анықталған жемқорлық фактілері себеп болуы мүмкін. Еске салайық, өткен аптада облыстық құрылыс басқармасының басшысы парамен ұсталды.

Ал жаңа әкім Ерік Сұлтановтың кандидатурасын бүгін Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин депутаттарға ұсынды. Жергілікті депутаттар бірауыздан қолдады. Ерік Сұлтанов бұған дейін Көлік және коммуникация министрлігі құрамындағы Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетін басқарған.

Айта кетейік, жаңа атқамінер - Қызылжар өңірінің тумасы. Кезінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, кейін ұзақ жылдар «Қазақстан Темір Жолы» компаниясында еңбек етті. 

Абзал ҚҰРМАНКИН