$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұлттық банк қазан айында 3,9 млрд АҚШ долларын конвертация жасады

AstanaTV
02.11.2015ж. 20:00
1370
Ұлттық банк қазан айында 3,9 млрд АҚШ долларын конвертация жасады

Ұлттық банк қазанда 3,9 млрд долларды конвертациялады. Бұл әлбетте Ұлттық қордан алынған қаржы. Оның 2,7 млрд. доллары «Самұрық-Қазына» облигацияларын сатып алуға жұмсалған.Бұл туралы қаржы құрылымының баспасөз қызметі хабарлады . Ұлттық банк  қаржы секторының еңсесін осылайша көтеруге тырысып бақты. Теңге еркін айналымға жіберілген тамыз айынан бері, ұлттық валютамыз бірнеше рет «антирекорд» орнатқаны белгілі. 16 қыркүйекте доллар бағамы 301 теңгеге шарықтады. Осы кезден бастап Ұлттық банк ішкі нарықтағы  жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында валюталық интервенция жүргізуді бастады. 16 қыркүйекте бас банк 144 млн доллар, 17-ісінде - 270 млн доллар, 18 қыркүйекте - 67 млн доллардан артық, 21-інде - 213 млн доллар, 25 қыркүйекте - 41,95 млн доллар көлемінде интервенция жасалды. Ал Ұлттық банк басшылығы ауысқаннан кейін KASE көрсеткіші бойынша бүгінгі доллар бағамы 281,13 теңгеге жетті.

А.ӘДЕПБАЙ