Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшылары ЕАЭО туралы шартқа қол қою рәсіміне арналған салтанатты концертте болды

AstanaTV
30.05.2014ж. 10:00
1149
Мемлекет басшылары ЕАЭО туралы шартқа қол қою рәсіміне арналған салтанатты концертте болды

Үш ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин мен Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарғы кеңесіне келген делегаттар «Астана Опера» театрына барып, мерекелік концертке көрермен болды. Оларға Армения мен Қырғызстан басшылары да қосылды.

Ресми келіссөздер, түрлі кездесулерден кейін президенттер Елордада бой көтерген бірегей мәдениет ордасының сәулетін тамашалап, арнайы дайындалған мерекелік бағдарламаны тамашалады. Сахнада қазақстандық әртістермен қоса, Беларусь, Ресей, Армения және Қырғызстаннан келген өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.

Еске салайық, кеше, 29 мамырда Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары тарихи құжатқа қол қойып, Еуразиялық экономикалық одаққа жол ашты. Енді шарт үш ел Парламенттерінде ратификациядан өтеді. Құжаттың қолдау табатыны анық. Дегенмен, депутаттарға алдағы жеті ай ішінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты мақұлдап үлгеру керек. Сөйтіп, 2015 жылдың бірінші қаңтарынан жаңа одақ өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ