$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Б.Обама: Біз Ресейді оқшаулай алдық

AstanaTV
30.05.2014ж. 10:00
896
Б.Обама: Біз Ресейді оқшаулай алдық

Біз Ресейді оқшаулай алдық. Мұндай мәлімдемені президент Барак Обама Вест-Пойнт әскери академиясында сыртқы саясат жөнінде жасаған баяндамасында жасады.

Оның сөзінше, Американың арқасында әлем Ресейдің шынайы бет әлпетін көрді. Президент Қырымдағы жағдайды меңзегенге ұқсайды. Сондай-ақ, Ақ үй басшысы АҚШ-тың бұдан әрі де барлық салада көшбасшылық рөлде қала беретінін мәлімдеді. Және бұл деңгейді олар ешбір қарулы күшсіз-ақ ұстап тұра алатындарына сенімді.

Қазіргі басты түйткіл ретінде Барак Обама Таяу Шығыстағы жағдай мен Сириядағы соғысты, Шығыс Қытай теңізіндегі шиеленіс пен Солтүстік Корея және Иран ядролық бағдарламаларын атады. Бұл мәселелерді Вашингтон Еуропадағы одақтастарының және НАТО-ның көмегімен шешпек.

Әлемдік пікірді қалыптастырудағы біздің мүмкіндіктеріміз Ресейді оқшаулауға көмектесті. Американың көшбасшылығы арқасында жер шары Ресей әрекетін сынға алды. Еуропа мен G-7 санкциялар енгізуде бізге қосылып, НАТО Шығыс Еуропа алдындағы міндеттемелерін нығайта түсті. Әлемдік қаржы қоры Украинадағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесіп жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ