Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Оралдағы мектеп басшылығы «оқушылар тағамнан уланған» деген болжаммен келіспейді

AstanaTV
04.11.2015ж. 20:00
2072
ЭКСКЛЮЗИВ: Оралдағы мектеп басшылығы «оқушылар тағамнан уланған» деген болжаммен келіспейді

«Оралдағы оқушылардың жаппай ұшынып қалуына асхананың түк қатысы жоқ». Мектеп басшылығы бүгін осындай тосын мәлімдеме жасады. Яғни олар балалардың астан уланғанын теріске шығарып отыр. 

Жеңіс Шоңбаев, дарынды балаларға арналған №11 мектеп-интернат кешені директорының орынбасары:

Асхана толық құрал-жабдықтармен жабдықталған. 29-ы күні оқушылар тамақтанған болса, сол күні, мысалы, кейбір қызметкерлер оқушылармен бірге тамақтанған болатынбыз. Соның ішінде өзім де бірге тамақ іштім. Бірақ менде ондай ешқандай аурудың белгісі байқалған жоқ. Соған байланысты біздер енді оқушылар тамақтан уланған дегеніне сене алмаймыз.

Ал күні кеше тағы бір оқушы ауруханаға түсіп, ұшынған балалар саны 127-ге жетті. Қазір сабақ тоқтатылғанымен, интернаттағы балалар үйлеріне жіберілмеген. Оларға иммунитетті көтеретін сальмонелла дертіне қарсы дәрілер берілуде. Өйткені ауру белгілері бір апта ішінде білінеді екен. Бүгінде асхана қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 30 қазанда Оралдағы дарынды балаларға арналған мектепте 19 бала ауруханаға түскен еді. Содан бергі бірнеше күнде ауырған балалар саны 127-ге жетті. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов тексеру жұмыстары кезінде асханадан сальмонелла қоздырғышы табылғанын мәлімдеген. 

Еркін КАРИН