Қарағанды облысында балалар
үйінің түлектері жоғарғы оқу орындарының білім гранттарын иеленеді. Ата-ана қамқорынсыз
қалған жеткіншектерге аймақ басшылығы қолдау көрсетті.
Оқушылар әкіммен дәстүрлі
кездесуде жетістіктері жайлы әңгімелеп, қиындықтармен де бөлісті. 9-11-сынып оқушыларын
алда үлкен сынақ күтіп тұр. Қалаған оқу орнына түсу үшін жоғары балл жинау
қажет.
Аймақ басшысы бұл мәселеде қолдау
көрсететінін жеткізді. Ірі кәсіпорындармен және жоғарғы оқу орындарымен келісім жасалып 50 білім гранты
бөлінген. Оның көпшілігі жұмысшы мамандықтарына. Сондай-ақ, балалар үйі түлектерін
бейімдеу қызметі де жастарға қол ұшын беруге әзір. Облыс әкімі алдағы екі жылда
500 жетім бала баспаналы болатынын айтты.
Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі:
Әр адам өзі қалаған, жанына жақын мамандықты игеру
керек. Болашақта кәдеге асатын. Біздің міндетіміз - сол жоспарды жүзеге асырып, сіздерге қолдау көрсету.
Зеген Қожамбердиева, 2013 жылғы облыс әкімі грантының
иегері:
Ақы төлеп оқимын деп, мен қатты алаңдадым. Қажетті балл жетпей қалды. Содан соң маған әкім грант
бөлді деді. Қазір колледжде фармацевтиканы оқып жүрмін. Мамандық алатыныма
қуанамын!
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА