Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Отандық қаржы секторын дамыту инфляция деңгейін төмендету концепциясы Сенат депутаттарының қатты сынына ұшырады

AstanaTV
02.06.2014ж. 10:00
1189
Отандық қаржы секторын дамыту инфляция деңгейін төмендету концепциясы Сенат депутаттарының қатты сынына ұшырады

Отандық қаржы секторын дамыту мен инфляция деңгейін 2030 жылға дейін төмендету концепциясы сенат депутаттарының  сынына ұшырады.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Ұлттық банк ұсынған құжатта қарапайым халықтың мүддесі  қорғалмаған, - дейді депутаттар. Еліміздің бас қаржы ұйымы инфляция деңгейін төмендету үшін несиенің бірқатар түрлеріне шектеу қоюға көшкені белгілі.

Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Сіздер батыста ұзын несиелер көп деп отырсыздар. Ал біздегі жағдай қалай? Қарыздың барлығы тұтынушылық несиелер. Ал ұзын несие дегеніміз не? Ол баспанаға алынған қарыз. Бізде халыққа баспана керек. Ал сіздер бұндай кредиттерді қысқартып отырсыздар. Меніңше, ұсынылып отырған концепция қаржы саласының мүддесін көздеп халықтан мүлдем алыстап кеткен сияқты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ