Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ЕАЭО мүше елдерінің ұлттық валюталарының құнсыздануына әкеп соқпайды

AstanaTV
02.06.2014ж. 20:00
1104
ЕАЭО мүше елдерінің ұлттық валюталарының құнсыздануына әкеп соқпайды

Еуразиялық экономикалық одақ мүше елдерінің ұлттық валюталарының құнсыздануына әкеп соқпайды. Мұндай мәлімдемені Сыртық істер министрі Ерлан Ыдырысов дипломатиялық қызмет өкілдерімен өткен брифинг барысында жасады. Елшілердің сұрағына жауап берген министр Еуразиялық экономикалық одақ Еуропалық одақпен де, Қытаймен де ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.  Министр одақтың мақсат-міндеттері мен алған бағытын түсіндіру үшін дипломаттарды арнайы жинапты.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қол қойылған шарт теңге, рубль немесе Беларусь ақшасының құнсыздануына әкеледі деп ойлауға себеп жоқ.
Керісінше экономикалық әлеуетіміздің артуы біздің валюталарымызды бұдан да тұрақты ете түседі. Біздің экономикалық, қаржылық органдар бір бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді деп ойлаймын. Және қандай да бір қиындық туындаса, экономиканы сақтап қалу мақсатында біріге жұмылатынына сенімдімін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ