Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы облысының оқушылары бүгін жазғы демалыс орындарына аттанды

AstanaTV
02.06.2014ж. 20:00
1081
Алматы облысының оқушылары бүгін жазғы демалыс орындарына аттанды

Алматы облысының оқушылары бүгін жазғы демалыс орындарына аттанды. Облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы бірігіп, 30 балғынды тегін демалысқа жіберді. «Бақытты балалық» деп аталатын арнайы жобаның аясында аз қамтылған отбасыларынан шыққан бүлдіршіндер 15 күн тынығады. Бұл жергілікті атқарушы биліктің жазғы мезгілде оқушылардың демалысын ұйымдастыру бағдарламасының негізінде өтіп жатыр.

Бүгін балалар Бурабайдағы «Балдәурен» кешеніне жол тартты. Алматыдағы темір жол бекетінен оларды облыс басшылары мен партияның аймақтағы жетекшілері шығарып салды. Жоба аясында Алматы облысынан барлығы 300 оқушы тегін демалыс жолдамаларымен қамтылады.

Ерғазы Қошанбеков, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл балардың барлығы Алматы облысының әр аудандарынан жиналғандар. Олардың саны 30. Біз бүгін Алматы-Көкшетау бағыты бойынша шығарып салып тұрмыз. Олар озат оқушылар, тәртіпті оқушылар. Сосын түрлі жағдаймен жетім атанғандар мен тұрмысы төмен отбасынан шыққандар. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ