$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Велоспорттан Азия чемпионаты мәресіне жетті

AstanaTV
02.06.2014ж. 20:00
1473
Велоспорттан Азия чемпионаты мәресіне жетті

Велоспорттан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Астанадан бастау алған Құрлық жарысы Қарағанды қаласында жалғасын тапты. Екі аптаға созылған жарыс барысында жасындай жарқыраған Қазақстан құрамасы жоспарды асыра орындап шықты. 

Қазақстан құрамасының спортшылары Азия чемпионаты барысында 22 медаль ұтып алып, командалық есепте 2-ші орынға көтерілді. Алдымызда тек Оңтүстік Корея құрамасы. Олардың үлесінде 32 жүлде бар. Құрлық жарысының соңғы күні командалар 204 шақырымнан тұратын бәсекеде мықтыны анықтады.

Бұл сында алдына жан салмаған жерлестеріміз Руслан Тлеубаев, Максим Иглинский және Дмитрий Груздев тұғыр биігіне көтерілді. Азия чемпионатын жеке тамашалаған олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Серік Сәпиев, халықаралық және Азия конфедерациясының президенттері Брайан Кусон мен Чой Бу Вунг, сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жарыс жолына шығып, жанкүйерлер қошеметіне бөленді.

Александр Винокуров, "Астана" велокомандасының бас менеджері:

Өз елімізде өткен жарыс спортшылар үшін сәтті болды. Жүлделі орындардың барлығын қазақстандықтар иеленді. Құрлық жарысы жоғары деңгейде өтті.

Самат ҚАНАҒАТОВ