$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Сингапурда Сенкаку аралы төңірегінде тағы да дау шықты

AstanaTV
03.06.2014ж. 10:00
4143
Сингапурда Сенкаку аралы төңірегінде тағы да дау шықты

Қытай мен Жапония арысындағы кикілжің тағы да көрініс берді. Ресми Пекин Жапония премьер-министрі мен Америка қорғаныс министрінің сөздерін Қытайға жасалған арандатушылық деп таныды. Бұл туралы аспан асты елінің генералы Ван Гуаньчжун Сингапурда өтіп жатқан қауіпсіздік жөніндегі саммитте мәлімдеді.

Америкалық саясаткер Чак Хейгел Қытайды Оңтүстік Қытай теңізіндегі жағдайды тұрақсыздандырып отыр деп айыптаған болатын. Мәселе, Сенкаку аралдарына қатысты айтылды. Сенкаку аспан асты елі мен күншығыс елінің бөлісе алмай келе жатқан аралдары. Қытай ара-тұра онда әскери кемелерін жіберіп тұрады. Жапония да қарап қалмай, қарсы әрекет қолданады. Қытай билігі теңізде зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін енгізетінін жариялағаннан кейін жағдай тіпті ушығып кетті.

Ван Гуаньчжун, Қытай әскері бас штабы бастығының орынбасары:

Абэ мырза мен Хейгел мырзаның сөздері - Қытайға қарсы қолданылған арандатушылық әрекеттің бірі. Қытайға қарсы мұндай айыптаулар айту миға қонымсыз. Бұл мәлімдемелер мен күткеннен әлдеқайда асып түсті. Хейгел мырза, егер Сіздің айтарыңыз болса, тура айтыңыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ