$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Өскеменде Зайсан көлінің қызығын тұрғындар көретін болды

AstanaTV
09.06.2014ж. 10:00
2315
Өскеменде Зайсан көлінің қызығын тұрғындар көретін болды

Зайсан көлінің жағалауын мекендейтін тұрғылықты халық ата кәсіпті жалғастырмақшы. Осы мақсатта олар бірігіп, балық аулауға патент сатып алған. Қазір арнайы артель құрып, топталып жатыр.

Балықтың түр-түрі мекендейтін Зайсан көлінің қызығын осы уақытқа дейін жергілікті тұрғындардан гөрі келімсектер көріп келді. Енді олай болмайды. Тұрғындар топтасып, балық аулауға патент сатып алған. Ауыл халқы өзара қаржы жиып, қайық пен ау сынды керек-жарақтарын дауйындауда. 10 жыл бойы жұмыссыз жатқан 400 азамат енді ата кәсібін жалғастыра түспек. Көлдегі браконьерлікті тоқтату мақсатында өздері, тіпті, күзет те сайлап қойған.

Ержан Жұмажанов, «Төре-Тоған» артелінің төрағасы:

Бригадамызда 12 адамбыз. Балық аулайтынымызға қуаныштымыз. Отбасымызды асырайтын болдық. Біз енді дайынбыз, өздеріңіз көріп тұрғандай.

Қанат ОРАЛБЕК