Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көкте «Астана Жұлдызы» пайда болатын күн таяу

AstanaTV
11.06.2014ж. 20:00
1862
Көкте «Астана Жұлдызы» пайда болатын күн таяу

Көкте «Астана Жұлдызы» пайда болатын күн таяу. Жылдың ең үздік эстрада жұлдызының құрметіне осындай тамаша сый әзірленіп жатыр. Бұл туралы Екінші «Астана Жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі-2014» байқауының басталуына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Астана қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов қолымызда арнайы сертификат та бар дейді. "Ғарыш-Жер" халықаралық жұлдыздар кітапшасында тіркелген 14-ші көлемдегі жұлдыздың орналасқан жерін байқауға болады. Мәдени шараның өзі отандық музыка әлеміндегі ең беделді, шоу-бизнестегі ең жарқын жобаға айналмақ.

Байқауды Астана қаласының әкімдігі мен "АдамМедиаГруп" компаниясы ұйымдастырып отыр. Бүгінде сынға қатысуға ниет білдірген 350 үміткер бар. Апта соңына қарай екінші кезеңге өткен өнерпаздардың есімдері белгілі болады. Ақтық финал Елордадағы "Бейбітшілік және Келісім" сарайында 3 шілде күні өтеді.

Мейрамбек Беспаев, әнші:

Шынында да, өнер адамдарына бұл керек дүние. Неге десеңіз, қаншама дүние шығып жатады. Бір жылдың ішінде болсын, ол қай жаққа барып, бағаланып, өлшенеді бағасы. Сондықтан, мемлекеттік деңгейде осындайды өткізіп отырғандарына өнер адамдары атынан үлкен рақметімді айтқым келеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА