$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Перудің бақсылары футболдан Әлем чемпионы атағын Бразилия иемденеді деп болжайды

AstanaTV
11.06.2014ж. 20:00
962
Перудің бақсылары футболдан Әлем чемпионы атағын Бразилия иемденеді деп болжайды

Футболдан Әлем чемпионы атағын биыл Бразилия иемденеді. Арнайы діни рәсім өткізген перулік бақсылар осылай деп болжам жасап отыр. Көріпкелдік танытпас бұрын олар әруақтармен тілдескен-мыс.

Адамның бас сүйектері мен гүл десте күлтелері аталған біріншіліктің басты қаруының маңайына орналасқан. Бұл өмірлік күш қуат пен басты трофей үшін сайысқа түсетін ойыншылардың денсаулығы мықты екенін көрсетеді.

Бақсылардың болжамына сенсек, финалға Аргентина мен Бразилия командалары шығады. Қарсыластың мықтылығына қарамастан чемпиондық атақ алаң иелерінде қалады дейді бақсылар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА