$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Америкалық қашықтықтан басқарылатын ұшақтардың шабуылынан 16 пәкістандық қарулы жасақ жауынгері қаза тапты

AstanaTV
13.06.2014ж. 10:00
1225
Америкалық қашықтықтан басқарылатын ұшақтардың шабуылынан 16 пәкістандық қарулы жасақ жауынгері қаза тапты

"Америкалық қашықтықтан басқарылатын ұшақтардың аралығы бірнеше сағаттық екі шабуылынан 16 пәкістандық қарулы жасақ жауынгері қаза тапты", - деп хабарлайды France-Presse. Елдің қауіпсіздік қызметінің өкілі шабуыл жайында хабарлап, ұшақтың әлі де Пәкістанның әуе кеңестігінде болу мүмкін деген болжам жасады.

Құрама Штаттар 9 маусымдағы Карачи әуежайына шабуылдан кейін ұшқышсыз ұшақтарды қолдануды қайта жандандырды. 24 адам көз жұмған осы шабуыл үшін жауапкершілікті пәкістандық «Техрик-и-Талибан» террористік ұйымы өз мойнына алып отыр. Бейсенбіде қарулы жасақ әуежайды басып алуға қайта әрекет жасады. Алайда Пәкістан полицейлері мен арнайы қызмет жауынгерлері шабуылдың бетін қайтарып жағдайды өз бақылауына алды.

Еске салайық, қашықтықтан басқарылатын ұшақ қолданылған операция Пәкістанда соңғы рет 2013 жылдың 25 желтоқсанында болған. Ол кезде қарулы жасақтың 3 жауынгері өлтірілген болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ