$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

AstanaTV
17.06.2014ж. 20:00
1150
Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында ол Мемлекет басшысына 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

 

Президент «Нұр Отан» партиясы еліміздегі негізгі қоғамдық күш екеніне, оның жұмысының бір бағыты мемлекеттік саясатты түсіндіру болып саналатынына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша партия көшбасшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға, халықпен өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Өңірлерде жұмыс істейтін партиялықтар жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа жеткізуі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылауы тиіс. Партия беделі өте жоғары деңгейде сақталып, абыройы мұнтаздай болуы тиіс.

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауына 800 мың адам келді. 39 мың арыз мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Партиялық бақылау мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды күшейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Соңғы алты айда осы санаттағы 4000 адам жұмысқа орналастырылды. 

 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ