$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Еліміздің бас дәрігері азаматтарды ақ халаттыларға пара бермеуге үндеді

AstanaTV
19.06.2014ж. 20:00
911
Еліміздің бас дәрігері азаматтарды ақ халаттыларға пара бермеуге үндеді

Тегін ем-дом үшін текке шашылудың қажеті жоқ. Еліміздің бас дәрігері азаматтарды ақ халаттыларға пара бермеуге үндеді. Өйткені елде медициналық қызмет көрсету тегін болғанымен, "бармақ басты, көз қысты" әрекет асқынып тұр.

"Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес отырысында денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың 1,7 пайызға артқаны айтылды. Былтыр 10 қылмыс анықталып, 7 адам сотталған. Екі іс тергеліп жатыр. Келтірілген шығын 35 млн теңге. Көбісі медициналық мекемелердің құрылысын жүргізу кезінде орын алған.

Биыл қаржы полициясы 9 адамға қатысты 15 қылмыстық іс қозғады. Оның төртеуі пара алу, төртеуі қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша. Қылмыстық істер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын емдеу мекемелерінің директорлары мен бас дәрігерлер. Ал ақ халаттылар жемқорлыққа жол бермес үшін, еңбекақыны өсіру қаралған. 

Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Дәрігер пара алмас үшін, еңбекақысы жоғары болу керек. Бүгінде еліміз бойынша орташа жалақы дәрігерлерде 114 мың, мейірбикелерде 80 мыңнан асады. Қайталап айтамын бұл орташа айлық жалақы. Еңбекақы төлеудің жаңа моделіне сәйкес келесі жылдан бастап жалақы 28 пайызға өседі. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ