Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс
Қазақстан облысына жұмыс сапары бүгін жалғасады. Мемлекет басшысы Өскеменге
кеше кешке, Ақтөбе облысына сапарынан кейін табан тіреді. Келген бойда, Президент бірқатар өндіріс ошақтарын аралады.
Елбасы Өскемен технологиялық жабдықтар зауытында болды.
Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысына облыста жүзеге асырылып жатқан
Индустрияландыру картасының жобалары көрсетілді, деп «ҚазАқпарат»
хабарлады. Сондай-ақ,
Нұрсұлтан Назарбаев технологиялық жабдықтар өндіретін жаңа зауыт
құрылысының барысымен танысты.
Қанат ОРАЛБЕК