$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шығыс Украина тұрғындары үйлерін тастап, Ресейге кетуде

AstanaTV
24.06.2014ж. 10:00
1277
Шығыс Украина тұрғындары үйлерін тастап, Ресейге кетуде

Шығыс Украина тұрғындары қарулы қақтығыс болып жатқан аймақтарды жаппай тастап кетіп жатыр. Көбісі Ресейге бет алған. Бұл Изварина өткізу бекеті. Мұнда көлік тізбегі бірнеше шақырымға созылып кеткен. Босқындар өз кезегін 5-6 сағаттап күтуде.

Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тәулігіне шекарадан 10 мың адам өтеді. Олардың нөпірі толастар емес. Украиндықтарды уақытша Ростов облысына орналастырып жатыр. Ол үшін 220 шатырлы қалашық тігілген. Мигранттардың өздері, елді уақытша тастап кеткендіктерін айтады. Тыныштық орнаған соң, отандарына кері қайтуға үмітті.

Три часа стоим, в Россию едем, к родственникам. Обратно не знаем, как здесь будет. Будет плохо - останемся. Если все хорошо будет - вернемся обратно.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ