$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазақстан Барысы» турнирі алдында 5 бірдей палуан жарыстан шеттетілді

AstanaTV
25.06.2014ж. 20:00
1705
«Қазақстан Барысы» турнирі алдында 5 бірдей палуан жарыстан шеттетілді

«Қазақстан Барысы» турнирінде допинг қолданған спортшыларға орын жоқ. Төртінші жыл өткелі отырған дүбірлі дода алдында 5 бірдей палуан жарыстан шеттетілді. Қатаң шаралар мен өзгерістер жайлы бүгінді баспасөз маслихатында белгілі болды.

29 маусымда Астанада "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің ақтық белдесулері өтеді. Президент жүлдесін іріктеу жарысынан сүрінбей өткен 28 палуан сарапқа салады. Финалға шыққан спортшылар наурыз айында өткен 3-ші іріктеу жарысынан кейін белгілі болды. Қатарынан төртінші жыл өткелі отырған айтулы дода алдында жарыс ұйымдастырушылары БАҚ өкілдерімен кездесті. Тілшілерді қызықтырған басты сұрақ: "Қазақстан Барысы" турнирінің ақтық сыны алдында 5 бірдей спортшы жарыстан неліктен шеттетілді?"

Арман Шораев, "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы:

Жеңген палуандар допинг немесе басқа да қолдануға тиіс емес. Қиын болса да, шеттеттік. Амандық болса, алдымызда бірнеше додамыз бар. "Қазақстан Барысынан" бөлек "Еуразия Барысы", "Әлем Барысы"- палуандардың құлағына алтын сырға.

Төрешілерге байланысты қандай өзгеріс бар деген саулға мынадай жауап алдық.

Арман Шораев, "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы:

Төрешілердің санын үш есе азайтып жатырмыз. Осыдан кейін мен де білмеймін, кім төреші болатынын. Біз іріктеп алдық. 12-15 адамды. Солардың арасынан жеребе тартамыз. Алтауын таңдап аламыз. Құдайға шүкір, алтыдан көп, 26-36 төреші бар арын сатпайтын, намысын сатпайтын. Солардың арасынан мыңнан тұлпар, жүзден жүйрігін таңдап аламыз.

Жоба жетекшілерінің ақпаратына сәйкес, жеңімпазға берілетін 150 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлде өзгеріссіз қалады. Ал чемпионға сыйға тартып жүрген автокөлік биылдан бастап көрермендер көзайымына айналған спортшыға берілетін болды.

Самат ҚАНАҒАТОВ