$513 €541.16 ₽4.69
×

Өз өңірін көркейту жоспарын ұсынған жеңімпаз Премьер-министрмен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болады

AstanaTV
26.06.2014ж. 20:00
1482
Өз өңірін көркейту жоспарын ұсынған жеңімпаз Премьер-министрмен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болады

«Қазақстан-2050» даму стратегиясын өз өңіріңде жүзеге асырудың ең үздік жобасын ұсын да, Премьер- министрмен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие бол. Аталмыш байқаудың авторлары - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалыс белсенділері. Ерікті қозғалыс кез-келген азаматқа еліміздің үздік 30 ел қатарына енуіне атсалысуға мүмкіндік бермек.

"Мәсімовпен таңғы ас" байқауының шарты бойынша түрлі салалардағы мамандық иелері бірігіп, Қазақстанның даму стратегиясы негізінде өз өңірін көркейту жоспарын ұсына алады. Кейін жобаны Өңірлік даму министрлігінің сарапшылары мен бизнес өкілдері талдаудан өткізіп, үздікті анықтайды.

Қозғалыс жетекшісі Жуминнің айтуынша, ерекше көзге түскен белсендімен бірге "Уоррен Баффет стилінде" таңғы ас ішуге Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың өзі қарсы емес.

Данат Жұмин, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

Шарттар мынадай. Сіз үш адамнан кем емес, 5 адамнан аспайтын топ жасақтайсыз. Оның құрамында экономист, заңгер, дәрігер және қоғамдық маңызды өзге де мамандық иелері болуы тиіс. Сіз өз өңіріңіздің дамуына қатысты барлық құжаттарды, оның ішінде стратегиялық даму жоспары, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту жоспарын сүзгіден өткізіп, өз жобаңызды ұсынасыз. Ол жерде өңірдің кенже қалған немесе перспективалы саласы айқындалуы қажет.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ