$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Қытай Дүниежүзілік банкке балама болатындай қаржы ұйымын құруға ниетті

AstanaTV
26.06.2014ж. 20:00
1039
Қытай Дүниежүзілік банкке балама болатындай қаржы ұйымын құруға ниетті

Аспан асты елі Дүниежүзілік банкке балама болатындай, қаржы ұйымын құруға ниетті. Қытай билігі серіктестеріне 100 млрд доллар капиталы бар ауқымды банк құру туралы ұсыныс жасаған. Ел басшылығының пікірінше, дүниежүзілік банк АҚШ пен оның серіктестерінің ығына жығылуға әуес.

АIIB - Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру керектігінің бір себебі осында жатыр. Бұл идеяны 22 мемлекет қолдап отыр. 10 ел арасында өзара түсіністік туралы меморандум қабылданды. Жаңа банк жыл соңына дейін жұмысын бастайды деген жоспар бар. Қаржы ұйымының алғашқы бастамасы - ұлы жібек жолын жандандыру жобасы болмақ. Ал қазақстандық сарапшылар пікірі бұл ақпарға қатысты таңқаларлық ештеме жоқ дегенге саяды.

Бүгінде экономикасы қарыштап дамыған Қытай - әлемдегі екінші держава. Осы бағытта кете берсе, ұзамай бірінші сатыға көтерілуі де бек мүмкін. Ал Дүниежүзілік банкке балама боларлық ұйым пайда болса, оның шарапатынан Қазақстан да құр қалмайды - дейді, осы жаңалық бойынша ойымен бөліскен кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының басқарма төрағасы Рахым Ошақбаев.

Рахым Ошақбаев, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Екінші бір ірі қаржы институтының пайда болатыны - бұл қолдауға тұрарлық бастама. Дамушы елдерге көмек ретінде берілетін қаржы көлемі арта түседі деген сөз. Қаржылай жәрдемнен бөлек көптеген мемлекеттердің экономикасын реформалауға қатысты тиімділігі орасан зор техникалық көмек те көрсетіледі.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА