$457.7 €492.81 ₽6.49
×

«КЕGОC» акционерлеріне дивиденд төленбейді - Б.Қажиев

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
1176
«КЕGОC» акционерлеріне дивиденд төленбейді - Б.Қажиев

«КЕGОC» өз акционерлеріне дивиденд төлемейді. Бұған компанияның шығынға батуы себеп болған. Дегенмен акцияларын жаппай сатып жатқандар байқалмайды. Электр энергиясын тасымалдаушы ұлттық компанияның басқарма төрағасы осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, теңгенің құнсыздануынан компания шамамен 36 миллиардтай шығынға батқан. Бірақ оңтайландырудың нәтижесінде бұл сома 7.8 миллиардқа қысқарыпты. 2015 жылды минуспен аяқтағандықтан, директорлар кеңесі акционерлерге дивиденд төлемеу туралы шешімге келген. Еске салайық, Кегоктың акциялары «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында 2014 жылы қарашада сатылымға шыққан еді.

Бақытжан Қажиев, «КЕGОC» АҚ басқарма төрағасы:

Алғашында  40 мың адам компания акцияларын иеленген. 2015 жылы акционерлер саны едәуір азайды. Бұл қысқа мерзімге сатып алып, пайда табуды көздеген инвесторлардың есебінен болуы мүмкін. Қазір акционерлер саны 38 мыңды құрайды. Демек, акцияны жаппай сатып жатқандар байқалмайды. Акция құны 850 теңге, 2014 жылы 505 теңге болған.

Сондай-ақ, Қажиев Қазақстанда 5 мың мегаватт артық электр энергиясы өндірілетінін айтты. Бірақ электр қуатын экспорттау туралы айтуға әлі ерте, өйткені оны жеткізетін желі жоқ.

Бақытжан Қажиев, «КЕGОC» АҚ басқарма төрағасы:

Егер Қытай бағытын қарастырсақ. Оларға өте көп көлемде қажет. Бірақ Шыңжаң ұйғыр ауданына жеткізу оларды қызықтырмайды. Оларға Орталыққа Ухань аймағына қажет. Қытайдағы әріптестермен бұл тақырыпта әңгіме болды. Қазақстанның жел, күн арқылы электр қуатын өндіру мүмкіндігі зор. Атом электр станциясы салынғалы жатыр. Бірақ Қытаймен  бұл сұрақтар әлі талқылау деңгейінде ғана.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар