Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қырғызстан картобына қойылған шектеу маусымда күшін жоюы мүмкін

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
1135
Қырғызстан картобына қойылған шектеу маусымда күшін жоюы мүмкін

Қырғызстанның картобын тасымалдауға қойылған шектеу маусым айында күшін жоюы мүмкін. Бұл жөнінде Қырғыз премьеріне сілтеме жасап, Интерфакс хабарлайды.

Айта өтейік, таяуда Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ереванда кездескен еді. Тараптар екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрлеріне 8 маусымға дейін осы түйіткілді шешуге пәрмен беруге уағдаласты.

Еске салайық, 4 мамырдан бастап ел аумағына Қырғызстанның картобын кіргізуге шектеу қойылған еді. Бұған аталған өнімде табылған зиянкестер себеп болған.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА