Ел аумағында күн ерекше ысып тұр. Апта басынан бері Алматыда да аптап
ыстық. Қала тұрғындары арасында денсаулығы сыр беріп, ауруы асқынғандар саны
күрт өскен. Қаладағы жедел жәрдем стансасының қызметкерлерінде дамыл жоқ.
Себебі күн ысығалы бері жедел жәрдемнің көмегіне жүгінушілер саны әдеттегіден
артқан. Әсіресе, қан қысымы көтеріліп, жүрек қағысы жиілегендер көп.
Нұржан Жәкішбаев, Алматы қаласы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің
орынбасары:
Кәдімгі күндері қоңыраулар 2000-ға дейін болса, қазір күннің ысуына
байланысты 2000-нан асып жығылады. Егер адамдар өз денсаулығы жайында, сырқаттарын
білетін болса, өздерін күтуге тырысуы керек.
Дәл қазір термометр тілі
аймақта +32, +39 градустан түспей тұр. Синоптиктердің айтуынша, айдың соңына
дейін ауа райында айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Күн райы әдеттегідей
ыстық, жауын-шашынсыз болмақ. Оңтүстік-шығыс аймақтарда өрт қаупі бар. Ал
орталық пенн шығыс өңірлерде аздаған жауын-шашын күтілгенімен, күн райы +40
градусқа дейін жетеді деген болжам бар.
Маржан СЕРІКҚЫЗЫ