Әбіләзовтың сыбайласы уақытынан бұрын
еркіндікке шықты. Бұл туралы «Коммерсант» газеті хабарлайды. «БТА-банк»-тен 730 миллион доллар жымқыру туралы
аты шулы оқиғаның фигуранты, «Еуразия логистик» компаниясының
директоры Александр Волков Липецк облысындағы колониядан
уақытынан ерте босатылған.
Айта кетейік, Волков 2012 жылы тоғыз
жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Мәскеу қалалық соты бұл мерзімді бір
жылға қысқартты.
Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, Волков
түрмеде мерзімін өтеуі кезінде бар кінәні мойнына алып, жапа шеккендерден
кешірім сұраған көрінеді. Бұған қоса, ол бір
миллион рубль көлемінде айыппұл төлеген. Алайда, Волковтың
ірі көлемде қаржы жымқыруға қатысы әлі де тексерілуде.
Еске салайық, Әбіләзовтың өзі қазір
Францияда. Оның Украина немесе Ресейге
экстрадициялану мәселесі әлі қарастырылып жатыр.
Жұрағат БАМАН