Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Петропавлда қабырға суреттерінің 3D форматтағы ерекше көрмесі ашылды

AstanaTV
30.06.2014ж. 10:00
1811
Петропавлда қабырға суреттерінің 3D форматтағы ерекше көрмесі ашылды

Петропавлда қабырға суреттерінің 3D форматтағы ерекше көрмесі ашылды. Ерекшелігі сол - сурет ішіндегі бейнелер жылжымалығымен баурайды. Ал, көрмеге келушілер тек қана тамашалап қана қоймай, әрбір картинаның кейіпкері бола алады, - дейді ұйымдастырушылар.

Сыршыл сурет өнерінен сый жасаушы екібастұздық суретші. Оның айтуынша, мұндай мағынадағы туындыларды Қазақстандағы ешбір суретші жасамапты.

Ал, көрушілер назарына ұсынылған картиналардағы кейіпкерлердің көбісі - комикстер мен мултьфильмдерден алынған. Мұндағы әрбір адам Дарт Вайдермен шайқасып, тіпті, марвеловтық Халкты сөйлете алады. Мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібергісі келмеген көпшіліктің көңілі көтеріңкі болды. Өйткені, суреттер ерекше, әрі шынайы қанықтық беретін арнайы аэрографты бояулармен боялған. Картина пішіндері де өте үлкен. Ал, оларды жинап-шашуға да бақандай 2 күн кетеді, - дейді құрастырушылар.

Илья Гофман, көрме әкімшісі:

Мұнда 3D эффектілер не үшін байқалады, көрінеді дейсіз? Әрине, ойынның түсі мен көлеңкелер қозғалысынан болады. Ондайда сіз көрген кейіпкерлер картина ішінен бері қарай шығып кететіндей әсер етеді. Бұдан бөлек, суреттен тыс әртүрлі детальдар да енгізілген.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ