$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қазақстандық жас ғалымдар обыр мен диабетке қарсы зерттеулері жайлы әңгімелеп берді

AstanaTV
27.11.2015ж. 20:00
1792
Қазақстандық жас ғалымдар обыр мен диабетке қарсы зерттеулері жайлы әңгімелеп берді

Қазіргі кезде Қазақстанда обыр мен қант диабетіне шалдықтан науқастардың қатары көбейген. Аты жаман дертпен күрсуге отандық ғалымдар да кіріскен. Ауруға қарсы зерттеу жұмыстарын қолға алған жас ғалымдарға жақында мемлекет грант берді. Олардың жасп жатқан жұмыстарымен тілшіміз танысып қайтты.

Дана Ақылбекова бала кезінен ғалым болуға бет бұрған. Биологияға жаны құштар. Сондықтан болашақ мамандығын да сонымен байланыстырды. Қазір инсулинді енгізудің жаңа жүйесін ойлап таппақ. Осы жобаны іске асыру үшін тәжірбие ретінде тышқандарға қолданып жатыр. Енді еңбегінің жетістігін тек клиникалық зерттеулер кезінде көре аламын, дейді.

Дана Ақылбекова, Назарбаев Университетінің NATIONAL LABORATORY ASTANA ғылыми қызметкері,  PhD докторы:

Біз инсулинді жеткізудің арнайы жүйесін жетілдірудеміз. Яғни диабет дертінің бірінші түріне шалдыққан қарапайым адам күнде қанның құамындағы қант мөлшерін тексеруі тиіс. Жоғары ма әлде төмен бе - соны білу үшін. Соған байланысты 5-6 рет дәрі егу керек. Ал біз осы көптеген екпелерді бір жүйенің арқасында егуді жасамақпыз.

Жас ғалым қолы қалт етсе, зертханаға келеді. Кітап оқуға да уақыт табады. Ғылыми фантастика оның ғылымға деген құштарлығын оятқан.

Дана Ақылбекова, Назарбаев Университетінің NATIONAL LABORATORY ASTANA ғылыми қызметкері,  PhD докторы:

Мен адамдар ешқашан ауырмаса деп армандаймын. Біздің бастаған ғылыми жобамызды қаржылай қолдап, ол болашақта шынымен адамдарға көмектесуін қалаймын.

Ал Дәмел Мектепбаева бірнеше жыл қатарынан обыр ауырының жасушаларын зерттеп, олармен күрестің жаңа әдісін таппақ.

Дәмел Мектепбаева, Назарбаев Университетінің NATIONAL LABORATORY ASTANA ғылыми қызметкері:

Маған үнемі сен неліктен осынша ауыр тақырыпты алдың деп сұрайды. Мен ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді қаламаймын, деп айтамын. Обыр ауруы - ғаламшардағы ең қорқынышты дерттің бірі. Бұл өте үлкен проблема.

Дәмел күндердің күнінде обырға қарсы ем табылатынына сенеді. Сол үшін тынымсыз еңбек етеді. Болашақ ғалымдарға тәлім беріп, отандық ғылымды дамытуға да баулып жүр.

Дәмел Мектепбаева, Назарбаев Университетінің NATIONAL LABORATORY ASTANA ғылыми қызметкері:

Маған негізі оқыту ұнайды, студенттер қуат береді. Олармен бірге жұмыс істеп, ғылыммен айналысуға құштарлығың арта түседі. Бірақ студенттердің барлығы жарқын, ғылымға жанып тұр деп айта алмаймын. Десек те, ғылымды дамытуға ниетті жандар олардан екі есе көп.

Ғылыми жетістіктер мемлекет үшін маңызды. Себебі ғылыми жаңалықтар әлемді, өмірді өзгертеді.

Берік ХАСЕНОВ