Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырау қаласында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
20.05.2016ж. 20:00
1291
Атырау қаласында төтенше жағдай жарияланды

Атырау қаласында төтенше жағдай жарияланды. Аймақта жауын-шашын салдарынан баспанасыз қалғандар қатары артуда. Әкімдікке шағымданғандардың саны 500-ге таяды. 62 үй тұруға мүлде жарамсыз деп танылған. 27 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұдан өзге облыстың Исатай және Махамбет аудандарында да бірнеше үй мен көше су астында қалған.

Абай Сұлтанғалиев, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Айлық нормадан үш есе артық жауын жауып отыр. Күні кеше май басталғаннан бері қарай қанша рет жауын жауды. Оның үстіне жер асты суының көтерілуі де бізге көмек көрсетіп отыр. Қазіргі мезгілде қалалық акиматпен төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы органдар заңына байланысты, азаматтық қорғау заңына байланысты. Төтенше жағдай жарияланды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ