$447.14 €499.54 ₽5.46

Сеулде Азия саяси партиялары халықаралық конференциясының XIII Бас ассамблеясына қатысты

AstanaTV
09.11.2026ж. 19:00
Сеулде Азия саяси партиялары халықаралық конференциясының XIII Бас ассамблеясына қатысты

«Әділет» партиясының өкілдері Сеулде өткен Азия саяси партиялары халықаралық конференциясының XIII Бас ассамблеясына қатысты.  Жиынға 36 елден 80-нен астам делегация жиналған. Қатысушылар Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен, сондай-ақ елдің билік және оппозициялық партияларының өкілдерімен кездесті. «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов шетелдік әріптестеріне Қазақстандағы саяси реформалар мен өзгерістер туралы баяндады. 

НҰРСҰЛТАН БАЙТІЛЕСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Бүгінде әлемде геосаяси тұрақсыздық күшейіп, мемлекеттер арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың маңызы артып келеді. Осындай жағдайда саяси партиялардың халықаралық диалог нығайту рөлі ерекше. Қазақстан әрқашан бейбітшілік, тұрақтылық және сындарлы диалог ұстанып келеді.