«Нұр Отан» партиясы жаңа мүшелермен толықты. Елорда күніне
орай өткен шара Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің мұражайында
ұйымдастырылды. Салтанатты жиында партия төрағасының бірінші орынбасары
Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының жетекшілігімен игі істер атқарып отырған
ауқымды ұйымға енген азаматтарға ақ жол тіледі.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы
төрағасының бірінші орынбасары:
Ең үлкен партияның жетістігі Елбасының жетекшілігімен жалпы
тұрақтылықты, бейбітшілікті осындай негізгі біздің халықтың құндылықтарын
күшейтіп, осындай жұмысты жүргізу. Енді сіздер осы үлкен біздің "Нұр
Отан" партиясының семьясына кіріп отырсыздар.
Партия қатарына қабылданған 11 азаматқа жаңа үлгідегі
билеттерді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек
табыс етті. Ал су жаңа партия мүшелерінің арасында белгілі сәулетші, Елтаңбаның
авторы Жандарбек Мәлібекұлы, "Нұр" балалар үйінің директоры Тұяқ
Есқожина, журналист Александр Трухачев, айтыскер ақын Біржан Байтуов
бар.
Сондай-ақ, Президент жүлдесі үшін өткен «Қазақстан барысы» турнирінің 2013
жылғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен мүгедектер құқығын қорғау ұйымының өкілі
Гүлмира Батпақұлова болды.
Айта кетейік, партия қатарына салтанатты қабылдау
республика бойынша өтуде. Ал бүгінде «Нұр Отан» партиясына 870 мың азамат
бірігіп отыр.
Жұрағат БАМАН