Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Бейбітшілік және Келісім сарайында «Астана жұлдызы» кәсіби музыкалық бәйгесі өтуде

AstanaTV
03.07.2014ж. 20:00
1301
Бейбітшілік және Келісім сарайында «Астана жұлдызы» кәсіби музыкалық бәйгесі өтуде

Осы сағаттарда елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында «Астана жұлдызы» кәсіби музыкалық бәйгесі өтуде. Биыл екінші рет өтіп отырған дүбірлі дода танымал өнер майталмандарының қызыл кілем үстімен жүріп өтуімен басталды.

Дәл қазір үздіктерді марапаттау рәсімі жүрып жатыр. Салтанатты шара үлкен қойылымға, өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасына ұласпақ. Жобаның басты мақсаты - ұлттық музыканың өркендеп, өрлеуіне ықпал ету, сапалы дүниелердің сұранысқа кеңінен ие болуына жағдай жасау. "Астана Жұлдызы" ұлттық музыка бәйгесі Қазақстан музыка өндірісіндегі ең беделді, шоу-бизнестегі ең жарқын жобаға айналып отыр.

Айта өтейік, кәсіби музыкалық бәйгенің бастамасышы - Астана қаласының әкімдігі, ұйымдастырушы - «Adam Media Group» компаниясы.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА