Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елорда күні қарсаңында дәстүрлі «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі өтті

AstanaTV
04.07.2014ж. 13:00
1117
Елорда күні қарсаңында дәстүрлі «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі өтті

Елорда күні қарсаңында дәстүрлі «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі өтті. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға отандық шоу-бизнестің кіл қаймақтары жиылып, жылдың үздіктерін анықтады. Алдымен дәстүр бойынша өнер адамдары қызыл кілемнен жүріп өтті. Биыл Жанар Айжанова қызыл кілемге трактор айдап келді.

Тура екі сағат бойына астаналықтар мен қала қонақтары үлде мен бүлдеге оранған қызыл кілемдегі шығармашыл элитамен суретке түсіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Сосын жүзден жүйріктер анықталды. Қыздар арасында үздік орындаушы деп - Жанар Дұғалова танылды. Айта өтейік, ол Астана арнасындағы «Астана кеші көңілді» шоуын да жүргізеді.

Rin'Go «Ең үздiк ерлер тобы» аталымында жеңімпаз болды. Ренат Гайсин «Ең үздiк композитор» атанды. Ерлер арасындағы үздік орындаушы - Медеу Арынбаев.

Медеу Арынбаев, «Ерлер арасындағы үздік орындаушы» аталымының иегері:

Бәсекеге, додаға түсіп, өзімді итермелеп мен түскен жоқпын. Екі шығармамды, әнімді айтқан едім, ұйымдастырушылар биыл да кіргізіпті. Сондықтан, әділқазылар мүшелеріне деп айтамыз, замандастарыма, кәсіби музыканттарға дұғай-дұғай сәлемімді, ризашылығымды айтқым келеді.

Осылайша биылғы жылдың үздіктері бірінен соң бірі марапатқа ие болды. "Астана жұлдызы" екінші ұлттық музыка бәйгесінің теленұсқасын Астана арнасынан 7 шілдеде, сағат 20-00-де көріңіздер.

Илхам ИБРАГИМ